21
февраль
2025
Мектебімізде "Ауған соғысының отты жылдары" атты кездесу кеші өтті.

https://www.instagram.com/reel/DGZ2_x9t7Jo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21.02.2025 жылы мектебімізде "Ауған соғысының отты жылдары" атты кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру, Ауған соғысының ардагерін құрметтеу, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату.
Кешіміздің қадірлі қонақтары Ауған соғысының отты жылдарынан әңгіме айтып,ой бөлісті. Оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарды қойды. Кеш қонақтарына арнап 7-сынып қыздары мың бұрала би билеп, 1-сынып оқушысы Абубакир Аслан әннен шашу шашты. 4 сынып оқушылары "Мәңгілік ел жастары" әнін хормен шырқады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Намазбаева Ауған соғысының ардагерлеріне алғыс білдіріп, бұл кештің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. "Отан үшін күрес-ерге тиген үлес" деген халқымыздың осы даналығы қайда жүрсек те,сана сахнасында сақтаулы жүрсе, ұрпақтарымыз азаматтық парыздарын адал атқаратыны сөзсіз.
Кешті ұйымдастырушылар: 7"Ә",8 "Б" сыныптары. Сынып жетекшілері: Сатова Акмарал Сатбековна, Ахметова Эльмира
#біртұтас_тәрбие алматы