Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру жөнінде арнайы педагог Өскенбай Ақботаның баяндамасы.
Әлемдік білім беруде әрбір баланың сапалы білім алу құқығын тануға бағдар ланған оң үрдістер байқалуда. Бұл инклюзивті білім беру ортасын құру үшін оқу әдістерінің икемділігімен, оқу үлгерімін бағалау жүйесімен және теңдік, ортақта стық, ынтымақтастық құндылықтарына баса назар аударумен көрінеді. Мұндайда жайлы инклюзивті білім беру ортасы – білім беру ұйымының ішкі кеңістігі ғана емес, білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажет тіліктерінің әртүрлілігін ескеретін жағдайлар жүйесі.
Мектепте білім беру ортасының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кедергісіз кеңістік құру қажет. Осы міндетті шешуде арнайы білім беру ұйымдарына ар налған жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын сақтау, сон дай-ақ жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін бала лар үшін арнайы жағдайлар жасау ұсынылады.
Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес психологиялық-пе дагогикалық қолдау деп жүйелі-ұйымдастырылған қызмет түсініледі. Ол келе сілерді қамтиды:
1. ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ерекше білім беру қажеттілік терін анықтауды және бағалау;
2. педагогтер мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың отбасына кон сультативтік-әдістемелік көмек көрсету;
3. ерекше білім беруді қажет ететін балалардың табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай лар жасау. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қол даудың жеке бағдарламалары: жеке оқу жоспарлары, жеке оқу бағдарламалары, мамандардың жеке дамытушы бағдарламалары, психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қолдау үшін ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тізімі. Аталған бағдар ламалар білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі және білім алушылардың ата-аналарымен келісіледі.
Жалпы білім беретін мектептердегі ЕББҚ оқушылардың инклюзивті білім алуын ұйымдастыру этаптары:
- Қыркүйек айының алғашқы 2 аптасындағы диагностикалық этап: ЕББҚ бар оқушыларды диагностикалау, 1- сыныптарға келген оқушылар мен басқа да сыныптарға ауысып келген оқушылар арасында ЕББҚ бар оқушыларды анықтау. Мұғалім (сынып жетекші) қандай да бір оқуда, мінез-құлығында немесе психофихикалық жағынан қиындығы бар оқушыны анықтаған жағдайда ППҚ мамандарына 7- форманы толтырып сұраныс тастайды. Содан соң ата- анасын ППҚ мамандарынан кеңес алуға жолдайды.
- ППҚ мамандарынан тиісті кеңес алған ата – ана тиісті құжаттарын жинақтап, arkomek сайты арқылы ПМПК – ға жолдама алады.
- ПМПК тұжырымы нақты қойылғаннан соң ата- ана мен мектеп директоры және ППҚ мамандарымен келісімге отырады.
- ПМПК тұжырымы бойынша оқушыға оқу бағдарламасы құрастырылады. ППҚ мамандарының қолдауын алады.
Қазіргі таңда мектебімізде ЕББҚ бар нақты 4 оқушы белгілі болып отыр. Олар: бастауышта - 2 «ә» сынып оқушысы Жанділда Айсұлтан; орта буында - 5 «в» сыныбында Жұмағали Дарын; 5 «б» сыныбында Серекбай Рамазан және 6 «б» сыныбында Диас Амина. Барлық 4 оқушының да ПМПК тұжырымы бойынша ПДТ берілген және бейімделген оқу бағдарламасы ұсынылған. Ескерте кететін жағдай: Жұмағали Дарын 19.08.2024 жылы ПМПК тұжырымынан өтіп, психиатриялық тексеруге жіберілді.
5 «в» сыныбындағы Нұрлыбек Әлихан 04.09.2024 жылы ПМПК – нен өтеді. ПМПК тұжырымы бойынша шешім қабылданады.
2024-2025 оқу жылында ЕББҚ бар оқушыларға білім берудегі басымдықтар:
- «Жаңа замандағы цифрлық білім беру» концепциясын ұстану; (инклюзивті білім беру педагогтері саммиті). Цифрландыру жағдайында ЕББҚ бар балаларды оқыту.
- «Жасанды интеллект» мүмкіндіктерін қолдану.
- «Құрдастан құрдасқа» жобасы аясында ЕББҚ бар білім алушыларды өз құрдастарымен қатар түзете – дамыту сабақтарына, сабақтан тыс іс- шараларға қатыстыру.
Мектептерде инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мақсатында келесі жұмыс түрлерін ұйымдастырған жөн:
• ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарының қатысуымен ата-аналар клубтары;
• ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өзге қатарластарымен бей ресми қарым-қатынасының әртүрлі формалары: көгалға шығу, шай ішу, ой ындар, мерекелерді бірге өткізу, мұражайларға бару, экскурсиялар, әлеумет тік желілердегі байланыс және т.б.;
• балалар мен сынып ата-аналарының, пән педагогтерінің, сынып жетекшісінің, педагог-психологтің, әлеуметтік педагогтің, логопедтің (педагог-дефектолог), медицина қызметкерінің, педагог-ассистенттің қатысуымен ерекше білім бе руді қажет ететін балаларға көмек көрсетудің ерекшеліктері мен жолдарын талқылау бойынша консилиумдар;
• ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың табысты өмірі мен кәсіби ман сабын, өз қабілетін жүзеге асыруын көрсететін көркем фильмдерді балалар дың, ата-аналардың және сынып педагогтерінің бірлесіп қарауы және талқы лауы;
• ерекше білім беруді қажет ететін балаға пәрменді көмек көрсете алған пе дагогтердің ата-аналарға, әріптестерге тәжірибемен бөлісуге арналған ма стер-класстары мен тренингтері, ашық сабақтары және консультациялары;
• сыныпта білім беру процесінің барлық қатысушыларымен (педагогтер, бала лар, ата-аналар) туындаған проблемалар мен оларды шешу жолдарын бір лесіп талқылау;
• сыныпта оқитын ерекше білім беруді қажет ететін нақты балалардың ерек шеліктері және оны қолдау тәсілдері туралы мамандардың (психолог, дефектолог, медицина қызметкері) дәрістері мен консультациялары.